Атырау облысында көшеде байлаулы тұрған түйе жасөспірімге шабуыл жасады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қазан, 2025
- 207
Атырау облысының Құлсары қаласында көшеде жүрген жасөспірімге түйе шабуыл жасады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Оқиға 26 қазанда «Үшінші» ықшамауданында болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Қалада көшенің жиегінде байлаулы тұрған түйе кенеттен арқанын үзіп, қасынан өтіп бара жатқан жасөспірімге қарай тұра ұмтылған.
Видеода жануардың баланы қуып жетіп, құлатқаны және жерге қысып жатқан сәті түсірілген. Түйе жасөспірімді тек жақындап келген көліктің дабылынан кейін ғана босатқан.
Зардап шеккен бала аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.
Кейінірек түйе ұсталды, алайда оның иесін анықтау мүмкін болмаған. Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Әдиновтің айтуынша, жануардың сырғасы бар және ол Маңғыстау облысында тіркелген, бірақ бүгінге дейін иесі табылмаған.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




