Мәдениет

«Әділетсіздік болған соң халық шығады»: Роза Рымбаева Жаңаөзен оқиғасын есіне алды

Роза Рымбаева Желтоқсан оқиғасы мен Жаңа өзен туралы айтты.

Әнші Роза Рымбаева саяси оқиғаларға қатыс өз ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қанат Тілеуханға берген сұқбатында әңгімеледі.

“Ол мекеме тыңдамағаннан кейін басшылыққа барып айтады. Олар тыңдамаған соң алаңға шығады. Ол болмаған соң Астанаға келіп айтады. Сонда тыңдаушы үкімет қайда? Бәрін естіп, біліп отыр. Менде сондай сұрақ туындайды. Еріккеннен ешкім шықпайды. Әділетсіздік болған соң халық шығады. Ол жерде қарапайым еңбек адамдары шығып жатыр. Сол жерде жұмыс істеп жатқандар, сырттан келгендер емес, – дейді әнші.  

Роза Рымбаева 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын есіне алды.

“Сол күні таңда адамдар алаңға жиналып жатқанын көрдім. Көшеде адам көп болды. Ол кезде біздің ойымызда тек парад болады деген тұрды. Түске таман Орал қаласына ұшып кеттік. Сол жақта бір апта гастрольдік сапарда жүрдім. Менің көргенім – тек халықтың жиналып жатқаны. 17 желтоқсан ұшып кеттік. Алматыға келгеннен кейін қандай қырғын болғанын естідім. Үймен хабарласа алмадық. Бала-шағамыз солжастар шыққан алаңда тұратын»,- деді ол.