Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Хасан Қасымбаевқа қатысты сотта жаңа деректер белгілі болды

Хасан Қасымбаевқа қатысты сотта жаңа деректер белгілі болды
Инстаграм
28 қазанда Талғар аудандық сотында «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот жарыссөзі өтті.

Айыптау тарабы Қасымбаевты үш бап бойынша кінәлі деп есептейді: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Ол­мен бірге тағы бес адам жауапқа тартылып отыр.

Бұл іс бойынша екі жәбірленуші бар – аралас жекпе-жек шебері әрі жаттықтырушы Арман Әлімов және кәсіпкер Арипжан Тәжіев. Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған болатын.

Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл жөнінде сотталушының қорғаушысы Гүлмира Бабажанова хабарлады.

Біз тағылған айыптармен келіспейміз. Қорғау тарабы екі эпизод бойынша нақты дәлелдің жоқ екенін, тек жәбірленушілердің айғақтарына сүйеніп отырғанын айтып отыр. Сондықтан біз айыпталушыны ақтау туралы өтініш білдіреміз, – деді адвокат.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар