Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өгей әкесі зорлайтын сияқты»: Алматы облысында асылып қалған 7-сынып оқушысына қатысты дерек шықты

«Өгей әкесі зорлайтын сияқты»: Алматы облысында асылып қалған 7-сынып оқушысына қатысты дерек шықты
Сурет: mel.fm
Алматы облысында 7-сынып оқушысы асылып қалды.

Алматы облысы Саймасай кентінде өз үйіәнің ауласында асылып қалған 7-сынып оқушысына қатысты мәлімет шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Осы жылдың ақпан айында көршілері “Немолчи” қорына балалардың жағдайы туралы айтқан.

“Байқұс балаларға жаным ашиды. Анасы ішкіш, Үйлерінде төсек те жоқ, суық. Отын, көмірі де жоқ. Балалар ауырып жүр, ішерге тамақтары жоқ. Үйдің іші темекі тұқылы мен бөтелкеге толған. Үлкені 9, ортаншысы 7, кішісі 3-сыныпқа барады. Бір нәрсе сатып алу үшін жалданып жұмыс істейді. Өгей әкесі ортаншы баланы зорлайтын сияқты. Ортаншы бала көмек сұрап, күнделігіне өзінің жағдайы мүшкіл екенін, өмір сүріп шаршағанын жазған. Мектеп қолға алғанын айтты. Бірақ тым ұзаққа созылып кетт”, – деп жазған көршілері.

Қор отбасы туралы ақпаратты ювеналды полицияға жіберген. Олар келіп тексеріс жүргізген.

Алматы облысының полиция департаменті баланың өліміне қатысты ақпаратты растады.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық тергеу әрекеттері Алматы облыстық полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіліп, оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған. Істің тергелу барысы Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – деп мәлімдеді ведомство.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар