Қоғам

Түркістан облысында дене шынықтыру сабағында оқушы көз жұмды

Мектепте дене шынықтыру сабағында жаттығу жасаған оқушы көз жұмды.

Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде оқушы көз жұмды. Ол дене шынықтыру сабағына келіп, жаттығу жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

«Баланың өліміне қатысты оқиға білім басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, дене шынықтыру сабағында бала жаттығу жасап жатып, құлап түскен. Мұғалім мен мектептің медбикесі баланы тез арада Шардара ауданының ауруханасына апарған. Алайда, операция кезінде бала жан тапсырды», - деп хабарлайды білім басқармасы.