Қоғам

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны 17-тегі жасөспірім зорлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында 12 жастағы қызды 17-тегі жігіт зорлады.

Алматы облысында жасөспірім 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Күдікті – кәмелетке толмаған тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Соттың санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі қолданылды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ заңды өкілдері кәмелетке толмаған күдіктіні тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомство істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болатынын атап өтті.