«Балалардың нөмірін бұғаттап тастапты»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбектің балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты
Түрсынбек Қабатов бұрынғы әйелі мен балаларының нөмірін бұғаттап тастаған.
Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовтың балаларымен араласпай кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты. Айтуынша, Тұрсынбек Қабатов соңғы екі айда балаларымен хабарласпай кеткен.
“ Балалар қазір өте қатты қиналып жүр. Үлкен қызым шетелде оқиды, оған тіпті қиын. Мен түсінбеймін, жарайды, менен кетті. Мені тастады. Бірақ балалардың не кінәсі бар деген ой. Олар шын жақсы көрді ғой, бір қалада тұрып жатырмыз. Бес баланың ішінде өзі үшінші қызымызды қатты жақсы көреді. Сол қызым қатты қиналып жүр. Әкесін көрмегені былай тұрсын, жазғанда жауап ала алмай қиналып жүр. Заңды түрде ажырасқанымызға 7 ай болды, осы уақыт аралығында жеті рет кездескен екен. Ал қыркүйек, қазан айларынды бірін-бірі мүлде көрмеді”, - деді ол.