«Жақсы көремін»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді
Тұрсынбек Қабатов балаларымен араласып тұратынын айтты.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов балаларына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан бұғаттап қойған емеспін және балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін», – дейді Қабатов.
Еске салсақ, актриса Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов өзі және балаларының нөмірін бұғаттап тастағанын айтқан болатын.