Қоғам

Алматыда қар жауып, көктайғақ болады

Алматыда қар қар жауады: көктайғақ болатыны ескертілді.

Алматыда алдағы күндері жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, 4 қарашада сағат 3:00-тен 20:00-ге дейін 5-6 мм көлемінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде, күндіз +5…+7 °С-қа дейін төмендейді.

5 қарашада көшпелі бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр, қар жауады (қалыңдығы 10 мм-ге дейін). Салдарынан көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -3…-5 °С, күндіз +1…+3 °С-ты көрсетеді.

Алматы әкімдігі жүргізушілер, механизаторлар, жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқаратынын мәлімдеді.

"Тәулік бойғы жұмысқа 580 арнайы техника мен 2500-ден аса жұмысшы жұмылдырылған. Аула ішіндегі аумақты тазалауға 307 техника және 1500 жұмысшы, ал саябақтар мен алаңдарды күтіп ұстауға 550 техника мен 1900 қызметкер қатысады. Қаланың көше-жол желісін бақылау үшін 75 бригада кезекшілік етеді", - деп жазылған хабарламада.