Қоғам

Жаңа жылда ет бағасы өсе ме?: Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді

Ауыл шаруашылығы министрі ет бағасы тұрақты болатынына сендірді.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы және ет өсе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сапаровтың айтуынша, бағаның өсуіне сыртқы нарықтағы жоғары сұраныс себеп болған.

«Бүгінгі статистика бойынша еттің орташа бағасы 3249 теңге. Кеше мен өзім дүкендер мен базарларға жібердім, міне, фотолар да бар. 3500–3600 теңге шамасында, кей жерлерде 4300–5000 теңге, бірақ ол еттің премиум бөлігі – филесі. Орташа баға тұрақты және әзірге осы деңгейде сақталады», – деді министр.

Алайда журналистердің келесі жылы ет бағасы өсуі мүмкін бе деген сұрағына нақты жауап бермеді.

«Алдын ала болжам жасамаймыз. Бірақ бағаны осы деңгейде ұстап тұруға тырысамыз», – деді Айдарбек Сапаров.