Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
Томирис Тоныкөк
Түркістан облысында атыс кезінде 17 жастағы азамат көз жұмды.
Түркістан облысы, Көктерек ауылында атыс болып, 17 жастағы азамат көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, тағы үш адам жарақат алды.
Egov.press Telegram-арнасының мәліметінше, 2 қарашада Түркістан облысының Көктерек ауылында атыс болған. Салдарынан 2008 жылы туған бала қаза тапқан.
“Атыс салдарынан 2008 жылы туған Төрехан Нұрлыбекұлы қаза тапқан. Сондай-ақ 2003 жылы туған Өмірзақ Саят пен 1995 жылы туған Алтынбек Дәулет жараланған. Кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғалып, сұр BMW іздестіріліп жатыр”, – делінген жазбада.
Аталған жағдайға қатысты Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілердің бірі ұсталып, қамауға алынды.