Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды
Мемлекет басшысы Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа барды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.
Ертең мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, "Орталық Азия – АҚШ" саммитіне қатысады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездескені туралы жазған едік.