Басты жаңалықтар

Қар, жаңбыр, көктайғақ: еліміздің 12 өңіріне ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райына байланысты 12 өңірге ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылатынын хабарлап, 12 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/сө-а жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында қар, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында қар жауып, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және тәңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.