Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытамын дейтіндерге 25 түрлі бағытта субсидиялық қолдау бар
Онда шаруалар мемлекеттен қолдау ала отырып, кәсібін аяққа тұрғыза алады.
Түркістан облысында мал шаруашылығын қолға алып, кәсібін дөңгелеткісі келетіндерге мемлекеттен айтарлықтай қолдау бар. Тек шаруаның қолынан малды баптау, санын көбейту, тиісінше өнімін сату келсе болғаны.
Мал шаруашылығы мен несиелік қолдау
Облыста мал шаруашылығы бағыты да тұрақты дамып келеді. 25 түрлі бағытта субсидия мен қолдау бар. Соның ішінде асыл тұқымды мал сатып алуға және бордақылау алаңдарын кеңейтуге ерекше назар аударылған.
Шаруалар жаңа несиелік бағдарламалар арқылы техника мен жемшөп сатып алып, өндірісін кеңейту мүмкіндігіне ие болды.

Инновациялық фермерлердің тәжірибесі
Келес ауданындағы фермерлер жаңа технологияларды қолданып, бір жылда үш рет өнім алу тәжірибесін енгізген. Мысалы, Біртілек ауылындағы Халық Асылбек есімді шаруа 3 гектар жерге пияз, картоп және болгар бұрышын кезек егіп, барлық өнімін уақытылы жинап үлгерген. Бұл — Түркістан диқаншыларының заманауи әдістерді меңгеріп, өнім тиімділігін еселеп отырғанының нақты дәлелі.Бүгінде Түркістан облысы — тек ауыл шаруашылығы емес, инновациялық агроөнеркәсіп орталығына айналып келеді.
Жаңа технологиялар, тиімді суару жүйелері мен фермерлердің тәжірибесі бұл аймақты Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі тірекке айналдырды.