«Интер» - «Қайрат»: Темірлан Анарбеков матчтың үздігі атанды
УЕФА Чемпиондар лигасының негізі кезеңінде алматылық ұжым «Интерге» қарсы кездесу өткізіп, 2:1 есебімен есе жіберді.
Ал қақпашымыз болса матчтың үздігі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталына сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
Милан қаласындағы әйгілі "Джузеппе Маецца" стадионында өткен кездесу, жерлестеріміз үшін нағыз талас-тартысқа толы болды. Алғашқы минуттардан-ақ, шабуылға лап берген алаң иелері «Қайрат» қақпасынан саңылау таба алмай біраз әбігер болды. Қарсыластардың қарша боратқан соққысын қақпашымыз Темірлан Анарбеков тойтарып тастады. Тек алғашқы таймның аяқталуына бір минут қалғанда, тәжірибелі Лаутаро Мартинес қорғаныстың қателігін тиімді пайдаланып, есеп ашып кетті.
«Интердің» төрт ойынға созылған статистикасын қалай қираттық?
Ойынның екінші жартысында Уразбахтин шәкірттері қарымта шабуылдарға жиі араласа бастады. Қақпаға тура соққы болмаса да, стандартты жағдайларға иек артты. Кезекті бұрыштамалардың бірінде «Қайраттың» қорғаушысы Офри Арад есепті теңестіріп, алаң иелерін біраз састырып тастады. Айта кетейік, Кристиан Киву шәкірттері осы маусымдағы Чемпиондар лигасында мүлде гол жібермеген еді. Алма кезек шабуылдардың нәтижесінде Карлос Аугусто ойын нүктесін қойды. Алматылық ұжым ойын соңында қанша шабуылдап көргенімен, қорғанысты бұзып жару мүмкін болмады.
Темірлан Анарбековтің ерлігі
Кездесу алаң иелерінің пайдасына аяқталғанмен, «Қайрат» сапындағы мачтың үздігі болып Темірлан Анарбеков таңдалды. Көпті таңғалдырған қазақстандық қақпашы 7 сейв жасады.
Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы келесі кездесуін 26 қараша күні сырт алаңда «Копенгагенге» қарсы өткізеді.