Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жарты жыл ғұмыры қалған қазақстандық футболшы өзінің жанкүйерлерін шошытты

Жарты жыл ғұмыры қалған қазақстандық футболшы өзінің жанкүйерлерін шошытты
ашық дереккөз
Андрей Морев елге өзінің жарты жыл ғана ғұмыры қалғанын айтты.
Sport.inform.kz мәліметінен: "Тобыл" футбол командасының бұрынғы қақпашысы, " Ақтөбе" командасында ойнап, кейіннен Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Андрей Морев елге өзінің жарты жыл ғана ғұмыры қалғанын айтты. футболшы бұл туралы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтқан. 44 жастағы Андрей Морев өкпесінде қатерлі ісік барын және ең көбі жарты жыл ғұмыры қалғанын жасырмаған. «Мені танитын, білетін достарым! Ең көп дегенде алты ай ғұмырым қалды. Өкпе ісігі. Қателіктерім болса, кешіріңдер. "Ақтөбе" - сен менің өмірімдегі ең үздік клубсың. Қош бол! Өлгім келмейді! Бірақ, бұл - өмір!", - деп жазды ол. Ал мұны оқыған желі қолданушылары оған түрлі сұрақтар қойып, оның бұл жазбасын қалжың емес пе деп күмәнданған. Алайда футболшы: "Достар, бұл қалжың емес. Мен өзім есеңгіреген күйдемін. Екінші дәрежелі ісік", - деп жазды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар