Қоғам

Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігі қағып өлтірді: жүргізушіге сот үкімі шықты

Жүк көлігінің жүргізушісі жеті жасар қызды қағып өлтірді.

Алматыда жеті жасар қызды жүк көлігімен қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

КТК мәліметінше, алпысқа жуық жастағы ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды және бес жыл бойы көлік жүргізу құқығынан шеттетілді. Ал сол кезде жаяу жүргіншіге жол бермеген автобус жүргізушісі небәрі 40 мың теңге айыппұлмен құтылды.

Қайғылы жағдай сәуір айында болған. Жүк көлігі 7 жасар қыз баланы қағып кетіп, салдарынан бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты. 

Қайтыс болған қыз сол сәтте жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Алайда жүк көлігі уақытында тоқтамай, оны қағып кеткен.