Қоғам

«Барлығы маған ұл тіледі»: ақын Серікзат Дүйсенғазы өмірінде орын алған таңғажайып оқиғамен бөлісті

Серікзат Дүйсенғазы өміріндегі таңғажайып құбылысты айтты.

Танымал ақын, ғалым, зерттеуші Серікзат Дүйсенғазы өмірінде болған таңғажайып құбылыспен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақын өзінің желідегі парақшасында жазды.

 «2023 жылы 16 жастағы ұлым, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпазы болған Әлихан Серікзатұлы Мақсұт деген ұлым, шаңғы теуіп жүріп, көз алдымда опат болды. Көкшетауда таудың басында.

Барлығы маған ұл тіледі. Сол кезде менің жалғыз ұлым болған, екі қыз, бір ұл еді отбасымда. Бәрі қайғырып, тіпті анам қайғыдан өмірден өтіп кетті. Бәріміз есеңгіреп жүрдік. Сол кезде таңғажайып оқиға болды.

Ешқандай жоспарымызда жоқ, кішкентай балапан анасының құрсағына бітті. Тура ағасы қайтыс болған күннен дәл тоғыз айда, мысалы 2 қаңтар күні өмірден өтті кешке қарай, 3 қазан күні таңғы уақытта дүниеге келді.

Бір күн ары, бір күн бері емес. Осындай таңғажайып оқиға болды. Сондықтан інісінің атын Әлиханға ұйқастырып, Әлімхан деп қойдық. Әлиханның атын академик, ұстазым Рымғали Нұрғали ағамыз қойған болатын.

Әлімханның атын академик Дихан Қамзабекұлы ағамыз қойды. Осындай отбасымызда таңғажайып жағдай болды. Қазір ағасының ізбасары өсіп жатыр. 2 жастан асты», — деп жазды ол.