Уақытымен тынығады, стресске түспеуі керек: Түркістан облысындағы күніне 35л сүт беретін сыйырлардың күтімі ерекше
Түркістан облысындағы Даниядан әкелінген асыл тұқымды сыйырлардың күтімі көпшілікті қайран қалдырды.
Group компаниясы 700 сиырдан тұратын фирма ашқан. Ал жалпы фирма 1200 басқа арналған. Әр сиыр 35 литрге дейін сүт береді. Мамандар бір күніне 5 тонна сүт алынатынын айтады. Компанияның сиыр сауатын аппараттары Түркия елінен алынған. Арнайы шетелден алып келінген асыл тұқымды сиырларды күту, оларға жағдай жасалуы, қалай сауылатыны туралы KYN.KZ жазып шықты.

BNK Agro ауылшаруашылығы саласындағы заманауи технологияларды қолдана отырып, жоғары сапалы сүт өндірісін дамытуда. Бұл сүт шаруашылығында халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін табиғи экологиялық таза өнім өндіруге бағытталған кәсіпорын. Сиырларды сауу процесі автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі. Фермада мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Асыл тұқымды ірі қара малы Дания елінен әкелінген.
Өйткені бұл ел сиырлары сүттілігі және ет сапасымен әлемдік танымалдылыққа ие. Сонымен қатар, бұл сиырлар климатқа бейім, әрі көбейюі жақсы екен. BNK Agro өнімдері таза және экологиялық таза сүттен өндірілетінін айтады мамандар. Өндіріс заманауи технологиялармен жабдықталған және сапа стандарттарына сай жүргізіледі. Атап айтсақ, бұл өндіріс орнында сүт ғана шығарылмайды: қаймақ, айран, сүзбе, ірімшік және тағы басқа сапалы өнімдер де бар.

Бұл жерде сиырлар арнайы азық-түлікпен қамтамасыз етілген, яғни минералдарға бай жем-шөп беріледі дейді сол жерде жұмыс істейтіндер. Мәселен, «Dairy Global Exsperts» кеңесшісі Сергей Тилюктің айтуынша, мұндағы сиырларға барлық жағдай жасалынған. Олардың демалысы, тамақтандыру, сауу процестері режим бойынша жүргізіледі.

«Сиырлардың денсаулықтарына қатты мән беріледі. Олардың тұқым әкелуіне барлық жағдай жасалынған. Қазір беріліп жатқан жем 15 ингредиенттерден тұрады. Егістікте өсетін барлық жем-шөп беріледі. Сиырлар тамақтандырылып біткен соң демалыс залына барады. Ары қарай сауу залына кетеді. Сол жерде еуропалық сауу үлгісі бойынша сүттері алынады. Сүт алу процесі де протокол бойынша жүзеге асырылып, стерильді түрде өтеді», - дейді Сергей Тилюк.
Сиырларды азықтандыру кезінде олар қажетті мөлшерде белок, көмірсулар, майлар, дәрумендер және минералдар алады. Атап айтсақ, сауын сиырларына
күнделікті көк шөп, силос, пішен, құрама жем беріледі. Бұл фирмада сиырлар сатылмайды. Болашақта сүт өнімі шығаратын зауыт салуды жоспарға қосылған екен.