Мәдениет

«Жеке баспанамыз жоқ, пәтер жалдап тұрамын»: актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі экс-күйеуінің балаларымен онша араласпайтынын айтты

Олжас Абайдың бұрынғы әйелі жан сырын ақтарды.

Танымал әнші әрі актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман экс-күйеуі балаларына көмектеспейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Ерлі-зайыптылар 7 жыл бұрын ажырасқан.

“Балаларымен телефон шалып, сөйлесіп тұрады. Кейінгі 1,5-2 жылдың көлемі болып қалды балаларымен қарым-қатынасы кішкене алшақтады. Балалар кішірек кезінде әкесін көп іздейтін. Қоңырау шалып, іздеп, жылайтын. Қазір естері кірді, жағдайды түсініп, қабылдады деп ойлаймын”, – деді ол.

Екеуінің ажырасуына не себеп болғанын айтты.

“Ажырасайық” деген сөз үлкен себеппен ғана айтылады ғой. Екеуміз де барынша отбасыны сақтап қалуға тырыстық. Ол уақыттан бері біршама уақыт өтті. Негізі ажырасуға арызды мен жаздым, соңғы сөзді мен айттым десем де болады. Олжас оған келісті, бірақ алдымен жақсылап ойлан деп ұсынды. Екеумізге де оңай болған жоқ”, – деді ол.

Олжас Абай балаларына баспана уәде еткен. Аймираның сөзінше, қазіргі таңда ол анасымен бірге пәтер жалдап тұрады.

“Әзірге жеке баспанамыз жоқ, пәтер жалдап тұрамын. Олжастың тарапынан биыл балаларына баспана алып беремін деген уәде болды, соны күтіп отырмын. Мен өзім мейлінше сабыр сақтағанды жақсы көремін, сондықтан мазасын алмаймын”, – дейді өнер иесі. 

Аймира бүгінде отбасылы болған актер онымен араласудан бас тартқанын айтады.