Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада ұлдары әскерде жүріп қаза тапқан ата-аналар митингке шықты

Астанада ұлдары әскерде жүріп қаза тапқан ата-аналар митингке шықты
Сурет: видеодан скриншот
Әскерде жүрген ұлдарынан айырылған ата-анадар Үкімет үйінің алдында жиналды.

Әскерде жүріп қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары Үкімет үйінің алдында митингке шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедьяров хабарлады. Ол оқиға орнынан видео түсіріп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Үкімет үйінің алдында ата-аналар өз ұлдарының белгісіз жағдайда қаза табуына қатысты тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.

“Сарбаздардың өлімі тоқтауы керек. Әділ тергеу жүргізілсін. Әділ сот болсын!” — деді әйелдердің бірі.

Олар ұлдарының өліміне кінәлілер жауапсыз қалып жатқанына қапалы екендерін білдірді.

“Дәлелдерді жойып жатыр, кінәлілер жазадан құтылып жүр, ал біздің балаларымыз қаза табуда! Неге ешкім жазаланбайды? Көп жағдайда офицерді немқұрайлылығы үшін жұмыстан шығарады. Бұл — әділетсіздік” — деді ата-аналардың бірі.

Ата-аналар наразулыық тудырып, тыныштықты бұзуды емес, әділдікті қалайтындарын жеткізді. Қатысушылар министрмен жеке кездесіп, тергеу жүргізу және бейбіт уақыттағы сарбаздардың өліміне жол бермеу шараларын талқылауды талап ететіндерін мәлімдеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар