Астанада ұлдары әскерде жүріп қаза тапқан ата-аналар митингке шықты
Әскерде жүрген ұлдарынан айырылған ата-анадар Үкімет үйінің алдында жиналды.
Әскерде жүріп қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары Үкімет үйінің алдында митингке шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үкімет үйінің алдында ата-аналар өз ұлдарының белгісіз жағдайда қаза табуына қатысты тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.
“Дәлелдерді жойып жатыр, кінәлілер жазадан құтылып жүр, ал біздің балаларымыз қаза табуда! Неге ешкім жазаланбайды? Көп жағдайда офицерді немқұрайлылығы үшін жұмыстан шығарады. Бұл — әділетсіздік” — деді ата-аналардың бірі.