«Қар, боран, көктайғақ»: алдағы үш күнде Қазақстанда күн суытады
Елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады.
"Қазгидромет" синоптиктері 11, 12 және 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Алдағы үш тәулікте елімізде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің солтүстік бөлігінде боран соғып, 13 қарашада оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жауын-шашын болжанады.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – деп хабарлады синоптиктер.
Ауа температурасы қандай болады?
- Қазақстанның батысында +8…+18°;
- шығысында –5…+5°;
- оңтүстігінде +10…+18°;
- солтүстік-батысында +2…+13°-тан –5…+10° дейін төмендейді;
- солтүстігінде +0…+5°-тан –2…–7° дейін төмендейді;
- орталығында +0…+8°-тан –8…+3° дейін төмендейді;
- оңтүстік-шығысында +5…+15°, таулы аймақтарда –0…–5°.