Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот үкімі шықты.
«Хутор» басшысы делінген Хасан Қасымбаевқа Алматы облысының Талғар аудандық соты үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол адам ұрлады, пара талап етті және денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ендігіде жазасын орта қауіпсіздік режиміндегі түзету мекемесінде өтейді.
Істі қарау барысында Хасан Қасымбаевтан бөлек, тағы бес айыпталушы да 8 жылдан 22 жылға дейінгі мерзімге дәл осы баппен бас бостандығынан айырылды.
- Р. А. – 20 жыл;
- С. А. – 8,5 жыл;
- М. К. – 12 жыл;
- Д. А. – 8 жыл
- Н. С. – 22 жыл.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Хасан Қасымбаевты 15 жылға соттауды сұраған еді.
Еске салсақ, “Хутор” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында, талғарлық жасөспірім Шерзат Полаттың өлімінен бір айдан кейін ұсталған болатын.