Адам ұрлады, пара талап етті және денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған Хасан Қасымбаевтың адвокаттары үкіммен келіспейтіндерін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Олардың айтуынша, Хасан Қасымбаевтың кінәсі жоқ.
«Бір жәбірленуші Хасан Қасымбаевқа ешқандай талап қойып отырған жоқ. Оған кешірім берді. Бірақ сот оны ескерген жоқ. Үкім шықпай жатып Қасымбаевқа баға берілген. Ал Қасымбаевтан бөлек отырған бес сотталушы жазасын алып, өтеп жатқан адамдар ғой. Үкім жаңа мән-жай анықталды деп бұзылып отыр. Хасан ақталуы керек еді. Себебі екі жәбірленуші бойынша дәлел табылмады. Тәжиев (жәбірленуші) 2016 жылы болған, одан бері тоғыз жыл өтті. Әлиев (жәбірленуші) бойынша іс 2021 жылдан бері төрт жыл өткен. Хасан Қасымбаев кінәлі болса істі сол кезде қозғамай ма. Сол сәтте жауапкершілікке тартылмай ма», – дейді адвокаттар.
Құқық қорғаушылар апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.
Еске салсақ, бүгін Хасан Қасымбаевқа қатысты сот үкімі шықты.


