Қоғам

Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде екі елдің тулары ілінді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу қаласы екі елдің туларымен безендірілді, деп хабарлайды KYN.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қала орталығынан Ленин даңғылы мен «Октябрьская» метро станциясына дейінгі көшелер бойына Қазақстан мен Ресейдің тулары ілінді, - деп жазды басылым.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қараша күндері Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында ол Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.