Қоғам

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлдан Астанаға жеткізілді

Ербаян Мұхтар Стамбұлдан Қазақстанға жеткізілді.

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлдан Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі үкіметтегі брифингте  мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Иә, растай аламын, біз пациентті Стамбұлдан Астанаға жеткіздік. Оның жағдайы тұрақты, Қазақстанға ұшу кезінде оның өмірлік функцияларына еш әсер еткен жоқ", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.

Еске салсақ, өткен жылдың тамыз айының соңында желіде әскерге кеткен жас жігіттің мүгедек болып оралғаны туралы ақпарат тараған еді. Сарбаз мерзімді әскери қызметке кіріскеннен кейін бірнеше айдан соң ауыр халде ауруханаға жатқызылып, комаға түскен.