«Ешкімге әуестенбеді дейсіңдер ме?»: Медеу Арынбаев марқұм жарының орнын ешкімнің баса алмағанын айтты
Медеу Арынбаев ешбір әйел марқұм жарындай бола алмағанын жеткізді.
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Медеу Арынбаев өмірден ерте кеткен марқұм жарының орнын ешкім баса алмағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Бүгін. Live” бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі.
Әншінің жарының өмірден өткеніне биыл 15 жыл толады. Өнер иесі марқұм әйелінің орнын ешкім баса алмағанын жеткізді.
“Айгүлдей жар сүйетінімді бала күнімнен білгенмін. Бір көрдім, ғашық болдым, одан бері қанша жыл өтті. 12 жыл отауластық, ұлды болдық, қызды болдық, өкінішке қарай, биыл желтоқсанда дүние салғанына 15 жыл болдаы екен. Уақыт өтіп жатыр. Адалдыққа қатысты қаншама әндер шығып жатыр. Жасырмаймын, мені көрсеқызарлыққа салынбады дейсіңдер ме? Ешкімге әуестенбеді дейсіңдер ме? Бірақ болмады, сәті түспеді. Айгүл дүние салғаннан кейінгі алғашқы 5 жылда ғашық та болып көрдім, жолықпады емес жолықты, алайда Айгүлдей болмады. Мұның себебін түсіндіре алмаймын”, – деді өнер иесі.