Атырауда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Атырауда бесінші қабаттан құлап кеткен бала мерт болды.
Атырауда 2 жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап кетті. Салдарынан қаза тапты. Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өңірдің Полиция департаменті өкілі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Атырау облысы Полиция департаменті ата-аналар мен ересектерден бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауды сұрайды. Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет", - өңірдің ПД өкілі.