«Жүрегі жарылып кеткен»: Түркістан қаласында 9-сынып оқушысын сыныптастары ұрып өлтірді (ВИДЕО)
Төрт оқушы жабылып, сыныптастарын ұрып өлтірген.
Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Полиция өліміне қатысы бар күдіктілерді ұстап, тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 3 қараша күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша оқушылар сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде көз жұмған.
«Олар төртеу болған. Барлығы баланы ұрып шыққан. Тура жүрек тұсынан сегіз рет ұрған. Жүрегі тоқтап қалғанша соққы жасаған. Сөйтіп ол жарылып кеткен. Ұйқы безі де жаншылып, жарылып кеткен. Сол жерде бірден қайтыс болған. Олар оның есінен танып қалғанына бізді сендіруге тырысты. Мен келгенше өлгеніне қырық минуттай уақыт болыпты», - дейді марқұмның ағасы.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған. Соққыдан студент оқиға орнында көз жұмды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.