Басты жаңалықтар

Түрік әскери-транспорт ұшағы апатқа ұшырады: марқұмдардың тізімі жарияланды

Түрік-әскери-транспорт ұшағы апатқа ұшырап, 20 әскери қызметші қаза тапты.

Түрік әскери-транспорт ұшағы C-130 кеше Грузияда апатқа ұшырап, салдарынан бортта болған 20 әскери қызметші қаза тапты. Түркия Қорғаныс министрлігі марқұмдардың тізімін жариялап, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Мәлімдеме X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланған.

"Біздің әскери жолдастарымыз 2025 жылдың 11 қарашасында Әзербайжаннан елімізге бет алған C-130 әскери-транспорт ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапты", – делінген ведомство хабарламасында.

Түркия Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Әзербайжаннан елімізге бағыт алған C-130 әскери-транспорт ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Грузия Ішкі істер министрлігі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, ұшақ апатқа дейін дабыл белгісін бермегенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери ұшақ апатына байланысты Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.