Басты жаңалықтар

Қазақстанға алдағы үш күнде - 20 градустық аяз болады

Алдағы үш күнде елімізде қар жауып, күн суытады.

Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері елдің көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 қараша күні шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, ал шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде боранмен бірге жүретін жел күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.

Температуралық фонда қысқа мерзімді төмендеу күтіледі:

         •        еліміздің солтүстігінде түнде –5…–12°, күндіз 0…–6° аяз;

         •        солтүстік-батыста түнде –2…–10°, күндіз 0…–5° аяз;

         •        орталықта түнде –3…–13°, күндіз –6° аяздан +3° жылылыққа дейін;

         •        шығыста түнде –8…–20°, күндіз 0…–10° аяз.

Қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз қалады, деп хабарлады синоптиктер.