Мәдениет

“Халықтың тілеуімен өмірге келдің”: ұлымен алғаш кездескен Елдос Колобок видео жариялап, көпшілікті жылатты (ВИДЕО)

Елдос Колобок видео жариялап көпшіліктің жүрегін елжіретті.

9 жылдан кейін алғаш рет әке атанған танымал блогер Елдос Колобок әсерлі видеосымен көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Ол ұлымен алғаш кездескен сәтін көрсеткен.

“Қош келдің, ұлым! Алланың қалауымен, халықтың тілеуімен өмірге келдің ғой, халықтың ұлы бол, ұзақ мәнді ғұмыр кеш. Мен бақыттымын”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен блогердің достары жылы лебіздерін білдіруде.

“Сынақтың артында жеңiлдiк бар! Бауы берiк болсын! Бақытты болыңдар!”, “Әке болғаныңнан сенің бауырым”, “Біз сені қатты күттік қой, інім” деп жазды олар.