Басты жаңалықтар

Қазақстанда радио және телеарналар жұмысын тоқтатады

Қазақстанда 18 шілде күні теле және радиоарналар хабар таратуын уақытша тоқтатады, деп "Қазтелерадио" компаниясының баспасөз қызметі жазды.

«18 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) «Қазтелерадио» АҚ-ның жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде теледидар мен радио сигналдардың жойылып кетуіне байланысты, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады», – делінеді хабарламада. Өз кезегінде «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.