«Оятқан кезде тұрмаған екен»: марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі сазгердің жертөледе емес, зауытта көз жұмғанын айтты
Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің әйелі күйеуінің өліміне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы композитордың өліміне сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, композитор жертөледе емес, зауытта көз жұмған.
“Маған Калелхан Иманмәди қоңырау соғып, “Арманның жағдайы нашар” деп зауытқа тез жетуімізді сұрады. Не болғанын сұраған едім “Жедел-жәрдем келе жатыр, жылдам жетіңіздер” деп айтты. Зауытқа жетсек, сыртта жедел-жәрдем тұр екен. Ұлымыз екеуміз фельдшерлермен екінші қабатқа көтеріліп едік, сөйтсек Арманның бетін жауып тастаған екен. “Не болды?” деп сұрағанымда жүрегі тоқтап қалды деп айтты. Ол ешқандай жертөледе көз жұмбады, бұл тіркелген дүние. Зауыт екі қабаттан тұрады, зауыттың аумағында студия жоқ. “Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой” деп сұрап едім, “Осы жердегі балалармен таң намазына дәрет алды, балалар сапқа тұрған кезде, ағасының сапқа тұрмай, диванда жатып қалғанын көріпті. Оятқан кезде тұрмаған екен” деп жауап берді”, – деді ол.
Айта кетсек, 2023 жылғы қаңтарда композитор Арман Дүйсенов көз жұмған болатын. Өткен жылы қазанда марқұмның ұлы да қайтыс болды.