Қоғам

Қарағанды облысында ес-түссіз майор мен әйелдің мәйіті табылды: полиция қызметкері ауруханадан шығарылды

Полиция бекетінен жалаңаш әйелдің денесінің қасында ес-түссіз табылған майор ауруханадан шықты.

Қарағанды облысында полиция бекетінен ес-түссіз табылған полиция қызметкері ауруханадан шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпаратты жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Полиция майоры ауруханадан шығарылғаннан кейін ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылған.

Айта кетсек, 1 қазанда Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінде әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылған болатын. Сол уақытта облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.