"Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы белгілі болды
Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы Дәрия Қуатжан болды.
Талдықорғандық Дәрия Қуатжан "Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дәрия Қуатжанға 26 376 адам дауыс берген.
Айта кетейік, былтырдан бері "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазын халық таңдайды. Яғни жеңімпаз дауыс беру нәтижесінде анықталады.
Дәрия Қуатжан – жас дизайнер әрі кәсіпкер. Ол арнайы "Қазақ аруы" ұлттық байқауы үшін 20 күнде "Көшпенді дала ұрпақтары" топтамасын дайындаған.