Мәдениет

Елдос Колобоктың ұлына қандай есім бергені белгілі болды

Елдос Колобок ұлының есімін Әлем қойды.

Танымал блогер Елдос Колобоктың ұлына қандай есім қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Блогер кеше әйелі Таңшолпан мен тұңғышын перзентханадан шығарып алды. Ол ұлын баласының есімін “Әлем” деп атаған.

“Бүгін біз үлкен жаңалықпен бөліспекпіз, жер бетіне келген жаңа өмірмен таныстырайық. Балам қош келдің біздің әлемге Бағзат Әлем Елдосұлы.
ӘЛЕМ – шексіздік, кеңдік, еркіндік.
Күні 12.11.2025 , уақыты таңғы 08:29
Әлемге үлгілі азамат бол, біздің ғажап әлемді аралап, әлемді бағындырып, жақсы жағынан әлемге танымал бол, саған бізді танитын әлем тілеулес болды, сол себепті есімің Әлем Елдосұлы”, – деп жазған ол.