Қоғам

Яна Легкодимованың өлімі: айыпталушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Яна Легкодимованың өліміне кінәлілер өмір бойына сотталды.

Атырауда сот 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты атышулы істі қарап, айыпталушыларға үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот 24 жастағы Р.Х. және 25 жастағы А.К.-ны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7) тармағы – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру".
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі 6) тармағы – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бөтеннің мүлкін қасақана жою".

Айыптардың жиынтығы бойынша сот әрқайсына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.