Алдағы үш күнде Қазақстанда аяз болады
18-20 қараша күндері еліміздің кейбір өңірлерінде күн суытады.
Синоптиктер алдағы күндері яғни 18-20 қараша аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болатынын болжайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Метеорологтардың мәліметінше, кезекті атлантикалық циклонның әсерінен ел аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) солтүстік өңірлерде боран, көктайғақ күтіледі.