Басты жаңалықтар

"Қол-аяғы, жамбасы жоқ": сотта Яна Легкодимованың мәйітінің видеосы көрсетілді

Сотта судья Яна Легкодимованың мәйіті бар видеоны көрсетті.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша үкім жарияланғаннан кейін судья Зарема Хамидуллина сот залында марқұмның сүйегінің суретін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкім жарияланғаннан кейін судья Зарема Хамидуллина не себепті айыпталушыларға ауыр жаза бергенін айтты.

“Міне, қараңдар Янаның денесінен не қалды? Мәйіттің төменгі жағы, қол-аяқтары және жамбас жоқ Оның денесі жануарларға жем болған. Дененің басқа бөліктері қайда? Сондықтан сот сендерге ауыр жаза берді” – деді ол.

Сондай-ақ, судья Хайржан овтың Легкодимова туралы “моральдық тұрғыдан дұрыс өмір сүрмеген” деген пікіріне де тоқталды.

“Яна сізді жақсы көрді. Ризуан Хайржанов, сіз жәбірленушіні қаралап, өз әрекеттеріңізді әлі түсінбегеніңізді және түзелуге тырыспайтыныңызды көрсетіп отырсыз. Біз бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Сіздер толық отбасында өстіңіздер, білім алдыңыздар, жұмыс істедіңіздер, айналаңызда туысқандарыңыз, жақындарыңыз, достарыңыз бен әріптестеріңіз болды. Соған қарамастан, мен сіздердегі қатыгездік пен өшпенділік қайдан шыққанын түсінбеймін. Сот отырысында сіздер ата-ана мен жақындарыңыз туралы бірнеше рет айттыңыздар, бірақ оларды қылмыстан кейін емес, қылмыс жасамастан бұрын ойлау керек”, – деді судья.

Сотталушыларға үкім шыққан соң Янаның анасы да сөз сөйлеп, сот үкімімен келісетінін айтты. 

Айта кетсек, бұған дейін Яна Легкодимованы өлтіргендердің өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.