Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды
Астанада тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлауы салдарынан зардап шеккендерге көмектесу кезінде ауыр жарақат алған фельдшер қайтыс болды.
Астанада тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлап, сол жердегілерге көмектесу кезінде ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Егер ол мені қазір естіп тұрса, мен оған сағынғанымды және қатты жақсы көретінімді айтқым келеді", – дейді күйеуі.
"18 қарашада біздің әріптесіміз, фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Ол зардап шеккендерге көмек көрсетпек болып, өзі қираған заттардың астында қалып қойды. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 8 қарашадан бері дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бар күшін салды. Бірақ, өкінішке қарай, жарақаттар өте ауыр болды. Бұл біздің медициналық ұжым үшін орны толмас шығын. Ол өз ісіне адал, батыл, мейірімді, нағыз кәсіби маман болды. Соңғы сәтке дейін адамдарға көмектесті", – деді ол.
Еске салсақ, Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, оқиға орнына зардап шеккендерге көмектесуге барған фельдшер ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік.