Қостанай облысында ер адам суға батып кетті
Қостанай облысында 24 жастағы жігіт судан ер адамның денесін шығарып алды, деп Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жазды
«17 шілде күні сағат 01:30-да Меңдіқара ауданында 1994 жылы туған азамат Буденов ауылынан екі шақырым жерде, Тобыл өзенінен 1979 жылы туған ер адамның денесін шығарып алған», - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі. Департамент өкілдерінің айтуынша, ер адам шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, батып кеткен.