Мәдениет

«Ер азаматты аймалау керек, сыйлау керек»: Болат Назарбаевтың тоқалы әйелдерге кеңес берді

Болат Назарбаевтың тоқалы әйелдерге еркектің аяқ киіміне дейін кигізіп, мәпелеу керек екенін айтты.

Болат Назарбаевтың тоқалы, әнші Динара Әлжан әйелдерге кеңес беремін деп сынға қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Kezdesu-ге берген сұхбатында барлық еркектің қыдыратынын және оларға сол үшін де уақыт беру керек екенін айтты.

“Бүкіл еркек қыдырады. Мен қыдырмаған еркекті еркек емес деп ойлаймын. Ер азаматтар жүруі керек, қыдыруы керек, оларға уақыт беру керек. Өйткені сен әрқашан бір үйдесің, үнемі сенің жаныңда отырса, ол дамымайды, достарымен қыдырмаса, басқа әйелдермен сөйлеспесе, бұл еркектерді жалықтырады. Қызғаныш та, махаббат та бар. Егер сен ер азаматты шын жақсы көрсең, бәріне шыдайсың”, – дейді ол.

Динара Әлжан ер адамдарды сыйлап, оларды қолдап отыру керектігін айтты.

“Ер азаматты аймалау керек, сыйлау керек. Сенікі дұрыс деп көніп, аяқкиіміне дейін кигізіп беру керек. Оны сүю керек. Ер азаматты қолдасаң, ол ешқайда кетпейді. Ер азаматты қабылдау керек, ол нәзік, себебі оны аналары мәпелеп өсіреді. Ал қыздар өте мықты болады ғой. Қазір ер азаматтарды көп адам жамандайды, бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Егер ер азаматтар болмаса, біз әйелдер құлпырмайтын едік”, – дейді әнші.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының ашуын тудырды. Олар ер адамды қыдыруға итермелеу дұрыс мес екенін жазуда. Алайда кейбіреуі оның сөзін қолдады.

Олар “Некесізден жетесіз туады, жетесізден тексіз туады деген атам қазақ. Азып болдық-ау, сірә”, “Ешкімнің сөзі қызық емес, үйленсем, әйел алсам қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай әйелімді бірінші орынға қойып, өзіміз бақытты өмір сүріп жүре береміз”, “Сен жетпей тұр едің”, “Қыдыру, қаңғыру мен даму екі түрлі нәрсе, әр нәрсенің өз орны бар, орнымен барлық нәрсе!” деп жазды.