Мәдениет

«Еркектер еркектігін дәлелдей алмай жатыр»: актриса Айнұр Жүгінісова ер адамдарға қатысты сөз қозғады

Айнұр Жүгінісова қазіргі ер адамдар "еркектіктігін" көрсете алмай жүргенін айтты.

Белгілі актриса Айнұр Жүгінісова келіндерін кемінде үш жыл қолында ұстайтынын айтты, деп жазады KYN.KZ.

Бұл туралы журналист Гүлжанат Пірімбетоваға берген сұхбатында айтты.

«Үш жылға дейін келіндерді қолда ұстаймын. Ата-ене мектебін көрсін, тума-туыс дегеннің кім екенін білсін. Өз жұртын кім екенін түсінсін деген ниетпен келіндер үш жылдай қолымда тұрады. Жалпы ата-ана өзін тәрбиелеу керек. Сен өзің дамымай, келініңе бірдеңе айтсаң ішінен «қойшы сен» деп тұрады. Кім болса да авторитер адамды ғана тыңдайды. Кезінде әкені авторитет қыла білді. Содан кейін балалар әкесінен қорықты, сыйлады. Ал қазіргі әйелдер әкені авторитет қыла алмай отырмыз. Жаңа таксиде келе жатсақ «Екі-үш әйел алсақ бола ма екен. Еркектер аз ғой, әйелдер көп» дейді. Жоқ еркектер көп. Бірақ еркектер еркектігін дәлелдей алмай жатыр. Өздерінің еркек екенін көрсете алмай жатыр», - дейді

Сонымен қатар, актриса бала тәрбиесіне де тоқталып, анысынан таяқ жеген қыз немесе ұл жаман болып өспейтінін жеткізді.

«Бұл тәрбиеден кетіп жатқан олқылық. Бала тәрбиесіне жалпылама қараймыз. Мен де балаларымды ұрдым. Қазір ғой ұрса, соттап жібереді деп айтып жүр. Ананың ұрғаны балаға майдай жағады. Бірақ әжелеріміз әке ұрмау керек деп айтатын. Мысалы, ешкім шешем ұрды деп ренжіген емес қой», - дейді актриса.