Қарағандыда әйел 4 жасар ұлының қолын байлап, оны үйде жалғыз қамап кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:23
- 42
Қарағандыда анасы баласының қолын байлап, үйде жалғыз қалдырып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін бала анасының қолында қалған. Сот әкесін алимент төлеуге міндеттеп, баланың онымен бірге тұратын жерін анықтап, әкесімен кездесу тәртібін бекіткен. Кездесулердің бірінде әкесі баланың денесінен көгерген жерлерді байқаған. Кейіннен баласының зорлық-зомбылық салдарынан балаларды қолдау орталығына орналастырылғанын біледі.
Ер адам бұрынғы әйелінің балаға зорлық-зомбылық көрсеткені дәлелденгеннен кейін төрт жасар ұлын сот арқылы қайтарып алды.
"Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер кілт тесігінен қолдары байланып, жылап бөлмені айналып жүгіріп бара жатқан баланы көрген. Олар жедел жәрдем шақырған", - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баланың ауыр халі анасымен бірге тұрған кезінде пайда болғанын анықтады.
"Осы мән-жайлар бойынша сот баланың әкесінің талаптарын толығымен қанағаттандырды: баланың анасының ата-ана құқықтары шектелді, бала әкесімен тұратын болды, анасына алимент төлеу міндеттелді, ал әкесі оны төлеуден босатылды", - деп бекітілді.
Апелляциялық алқа шешімді өзгеріссіз қалдырды.



