Ақтөбе облысында сабақ үстінде босанып қойған оқушының жүкті екенін білмеген мұғалімдер жұмыстан шығарылды
Ақтөбе облысында оқушының жүкиілігін анықтай алмаған барлық дәрігерлер қызметінен шеттетілді.
Ақтөбе облысында қазанда 9-сынып оқушысы босанып қалған болатын. Дәрігерлер оның алдында қыздың жүктілік белгілерін байқамаған болып шықты. Осыған байланысты Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы тексеру бастаған еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров есеп беру кездесуінде осы оқушыға қатысты жасалған қате диагноздар жөніндегі дауға жауап берді.
"Факт бар. Біздің тарапымыздан комиссия құрылды, тексерулер жүргізуі тиіс болған және бұл жағдайды ерте кезеңде анықтауы тиіс болған мамандарды қызметінен шеттету туралы дереу шешім қабылданды. Бірқатар қызметкерлер, соның ішінде аудандық білім бөлімінің басшысы да жауапқа тартылып, қызметінен босатылды", - деді әкім.
Айта кетсек, 13 қазан күні өңірдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы босанып қалған болатын.