Басты жаңалықтар

ЖРВИ өршіп барады: Қазақстанда тағы бір өңірде мектеп онлайн оқуға көшті

Таразда тағы бір өңір онлайн ауысымға көшті.

Таразда ЖРВИ дертінің өршуінің салдарынан 9 мектеп онлайн оқу форматына көшті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тараз қаласындағы №2, 10, 11, 18, 19, 26, 35, 52 және 64 мектептер 19–25 қараша аралығында ЖРВИ-мен ауыратын оқушылар санының артуына байланысты қашықтан оқуға ауысады. Бұл шешімді жергілікті билік медициналық мекемелерге түсетін жүктемені азайту және вирустың таралу тізбегін үзу мақсатында қабылдады.

Сабақтар электронды платформалар арқылы жүргізіледі.

«Биылғы жылдың 18 қарашасындағы №3406–3414 қаулыларға сәйкес, аталған мектептер бір апта бойы онлайн форматта білім береді», — деп хабарлады әкімдік.

Жамбыл облысында ЖРВИ-дің 47 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 60%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар, тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда: 115 мыңға жуық адам егілді.