Қоғам

«Жаңбыр мен қар жауады»: 20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның кейбір өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Синоптиктер 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын түседі, тұман басып, көктайғақ болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0–2° аяз, күндіз 5–7° жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4–6°, күндіз 14–16° жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз . Шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0–2°, күндіз 13–15° жылы.

Ақмола облысында көшпелі бұлт шығады, түнде солтүстікте жаңбыр мен қар жауады, күндіз жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –3 +2°, күндіз 2–7° жылы.

Алматы облысында көшпелі бұлт шығады, тауларда аздаған жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2–7° жылы, тауда –3 –8° аяз, күндіз 11–16°, тауда 2–7° жылы.

Жетісу облысында көшпелі бұлт шығады, оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауады, тауларда жаңбыр мен қар болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады, Алакөлде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –1 – +4°, тауда –6° аяз, күндіз 10–15°, тауда 5° жылы.

Түркістан облысында көшпелі бұлт шығады, түнде тауларда жаңбыр мен қар жауады. Солтүстікте және тауларда тұман түседі. Шығыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –2 – +3°, тауда –6° аяз, күндіз 11–16°, тауда 8° жылы.

Батыс Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, түнде батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр жауады. Осы жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 3–8°, күндіз 7–12° жылы.

Атырау облысында көшпелі бұлт шығады, күндіз батыста және солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5–10°, күндіз 11–16° жылы.

Маңғыстау облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7–12°, солтүстік-шығыста 3°, күндіз 15–20°, солтүстікте 12° жылы.

Ақтөбе облысында көшпелі бұлт шығады, түнде солтүстікте аздаған жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте, батыста және шығыста жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с, солтүстікте екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5°, күндіз 7–12°, оңтүстікте 15° жылы.

Қостанай облысында көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Күндіз жауын-шашын жалғасады. Тұман түседі. Жел 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –3 +2°, батыста +5°, күндіз 0–5°, оңтүстікте 8° жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Күндіз де жауын-шашын қайталанады. Тұман түседі. Жел 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –2 +3°, күндіз 0–5° жылы.

Павлодар облысында көшпелі бұлт шығады, күндіз солтүстікте және батыста жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с, күндіз 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5° аяз, күндіз 3–8° жылы.

Қарағанды облысында көшпелі бұлт шығады, күннің соңында батыста және солтүстікте жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5°, батыста –9° аяз, күндіз 5–10°, шығыста 2° жылы.

Ұлытау облысында көшпелі бұлт шығады, күннің соңында батыста және солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –1  –6°, күндіз 6–11° жылы.

Шығыс Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 4–9°, солтүстікте –15 – 20° аяз, күндіз 2–7° жылы, солтүстікте және шығыста 2° аяз.

Абай облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 1–6°, шығыс пен оңтүстік-шығыста –11° аяз, күндіз 5–10° жылы, шығыста және оңтүстік-шығыста –1°.

Қызылорда облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 0–5° аяз, батыста +3°, күндіз 9–14° жылы.

Жамбыл облысында көшпелі бұлт шығады, түнде оңтүстікте және тауларда жаңбыр мен қар жауады, күндіз тауда жаңбыр жауады. Тұман түседі. Жел 9–14 м/с, тауда екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 1–6° жылы, тауда және солтүстікте –4° аяз, күндіз 12–17°, тауда және солтүстікте 9° жылы.