"Үш айда 50 миллион теңге": Оралда колледж директоры студенттердің шәкіртақысын ұрлаған
Оралда колледж директоры студенттердің шәкіртақысын жымқырған.
Батыс Қазақстан облысында студенттердің шәкіртақысын жымқырған колледж директоры ұсталды. Ол айналдырған үш айда елу миллион теңгені қалтасына басқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Оралдағы индустриалдық колледждің директоры 54 адамды «студент» ретінде оқу орнына заңсыз тіркеп қойған. Бірақ олар арнаулы білім ошағына мүлдем бармаған. Десе де тек қағаз жүзінде оқып жатқан студенттерге шәкіртақы тағайындалып, әрқайсысының атына есепшот ашылыпты. Сол жерге түскен ақшаны директор мен оның сыбайластары шешіп алып отырған. Осылайша білім ордасының басшылары 49 млн-нан астам теңгені заңсыз иемденген. Қазір директор үйқамаққа алынып, пәтері бұғатталды.